Меню KDT

logo.png?_=2?_=1
"КГУ "Средная школа №222 имени Т. Рыскулова" отдела образования по городу Кызылорда управления образования Кызылординской области"


8 (7172) 987-654, 98-76-54

АРДАГЕР-ҰСТАЗ ЖҰМАШ

АРДАГЕР-ҰСТАЗ ЖҰМАШ СӘМЕТҚЫЗЫ БАЛҒОЖАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОЛИМПИАДАСЫ


АРДАГЕР-ҰСТАЗ ЖҰМАШ СӘМЕТҚЫЗЫ БАЛҒОЖАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОЛИМПИАДАСЫ

Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде 30 сәуір күні ардагер ұстаз Жұмаш Сәметқызы Балғожаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің қалалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Қалалық олимпиаданы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Әзизбек Жәнібекұлы мен облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләй Сағындыққызы ашып беріп, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.

Жұмаш Сәметқызы - өз еңбек жолында өнегелі із тастап, білім беру мен тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ұзақ жылғы ізденіс пен ерен еңбегін білім саласына арнай білген ұстаз. Мектебімізде 2018 жылдан бастап Жұмаш Балғожаева атындағы қазақ тілі мен әдебиет кабинеті жұмыс жасап келеді.

«Педегог-мәртебесі Заңының» негізгі мақсаттарына сүйене отырып, ұстаздық қызметке деген халық арасындағы құрметті арттыру, еңселі егемендігіміздің 30 жылдық мерейтойы аясында ұстаздардың шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау мақсатында өткізілген байқауға қала мектептерінен 40-қа жуық ұстаздар қатысып, бағын сынады.

Байқау кезеңдері

І кезең – белгіленген тақырыптар аясында латын әліпбиінде эссе жазу. Эссе жазуға берілген уақыт – 45 минут. Байқауға қатысушы билет бойынша тақырып таңдап, сол тақырып негізінде эссе жазды. Эссе тақырыптары:

«Тәуелсіздік – мұғалім көзімен»

«Ұстаз – адам жанының инженері»

«Ыбырай – ұлт ұстазы»

«Мектеп – білімнің алтын ұясы»

«Мұғалім мәртебесі – ұлт мәртебесі»

«Зерек оқушы – мұғалім бейнетінің зейнеті»

«Сыр өңірі – ұлт әдебиетінің алтын бесігі»

«Қазақ тілі – қазақстандық ұлттардың мемлекеттік тілі»

«Жұмаш Балғожаева – өз жетістігінен бұрын оқушы жетістігін биік көрген ұстаз!»

«Тұрар Рысқұлов – түркі жұртының тұтастығы жолында жанын пида еткен ұлы күрескер».

ІІ кезең – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мектеп бағдарламасына негізделіп дайындалған тест сұрақтарына жауап беру. Тест тапсырмалары 40 сұрақты қамтыды. Уақыты 45 минут.

Байқауға төрелік еткен арнайы комиссия құрамына белгілі ғалымдар мен әдебиетшілер, облыстық тілдерді оқыту орталығының жетекші мамандары, сонымен қатар, журналистер енді. Атап айтар болсақ:

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасилов

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Мәрия Орманова

“ORDA” колледжінің оқытушысы Гүлназ Бекмағамбетова

Ұстаздық өнер – тағылымы терең өнер. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіспен ерен еңбек ұштастырылуы шарт.

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын өзінен кейінгі ізінен ерген ұрпаққа ізеттілігін аямайтын Жұмаш Сәметқызының жүріп өткен жолы бізге өнеге.

Байқау қорытындысы бойынша комиссия шешімімен үздік деп танылғандар І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жүлде қоры:

І орын иегеріне 100 000 (жүз мың теңге) тг. көлемінде

ІІ орын иегеріне 70 000 (жетпіс мың теңге) тг. көлемінде

ІІІ орын иегеріне 50 000 (елу мың теңге) тг көлемінде қаржылай сыйлық.

Нәтижесінде:

Жүлделі орын иегері ^101 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жуынтаева Жадыра

Жүлделі орын иегері ^3 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Аймағамбетова Гүлайна

Жүлделі орын иегері ^1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Алтаева Зауре

"Ұлттық құндылықты ұлықтаушы ұстаз" номинациясымен ^15 мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Балтабаева Айзат

"Ойы орамды ұстаз" номинациясымен ^198 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Байтуғанова Орынай

"Білімді ұстаз" номинациясымен ^253 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Батталова Айжан

"Жаңашыл ұстаз" номинациясы бойынша ^233 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Темір Жансая

"Шығармашыл ұстаз" номинациясы бойынша ^144 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Әділбекқызы Сымбат

Байқау кезеңдері бойынша оң нәтиже көрсеткен әріптестерімізді құттықтаймыз.

Мұғалім үздіксіз ізденіп, өз білімін жетілдіріп отырғанда ғана оқушылардың білім сапасы жоғары болатыны сөзсіз.


Пікір жоқ
42 қаралды
Авторы: skainn
Қосылды: 26.09.2024 в 10:25

Президент Жолдауы

Директор блогы


Директор - Мукеев Максут Ахметович

Рухани жаңғыру

Choose Color